Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

TOYOTA ФИНАНС

Біздің компаниямыз азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік саласында белсенді позицияға ие. Біз үшін ең маңызды қағидаттардың бірі сыбайлас жемқорлықты қабылдамау болып табылады. Қазіргі уақытта компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар мен тетіктер кешені әзірленіп, жетілдірілуде.


Мүдделер қақтығысы, заңнамаға қарамай шешім қабылдау, жеке пайдакүнемдік мүдделілік – «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС басшылығы үшін де, қызметкерлері үшін де жол берілмейтін мінез-құлық. Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты әрекет етеді. Ол компанияның және оның басшылығын корпоративтік мәдениетті жетілдіру, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстану және компанияның іскерлік беделін қолдау үшін ашық және адал бизнесті жүргізудің жоғары этикалық стандарттарына бейілділігін көрсетеді.


Егер сіз «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС қызметкерлерінің немесе серіктестерінің жол берілмейтін сыбайлас жемқорлық іс-қимылдары туралы кез келген сенімді ақпаратқа ие болсаңыз, кері байланыс нысанын пайдаланып бізге хабарлаңыз.