“ТОЙОТА ЖЕТЫСУ ОРТАЛЫҒЫ” СЕРВИСІ

TOYOTA ФИНАНС


Сервис цехы 1128 ш.м. аумақты алып жатыр, онда BETA, RAVAGLIOLI, WURTH, KEMPPI маркалы ең заманауи арнайы жабдықтар орналастырылады. TOYOTA жаңа модельдерін шығаруға сәйкес сервистік жабдықты жаңарту және толықтыру үнемі жүргізіледі. Жөндеу технологиясы, еңбек және уақыт шығындары Toyota Motor Corporation қатаң стандарттары мен нормаларына толық сәйкес келеді. Осының барлығы техникалық қызмет көрсетуді және TOYOTA барлық модельдерінің кез келген күрделілік дәрежесін жөндеуді ең оңтайлы мерзімде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі өткізген «Қазақстанның үздік шетелдік инвесторы» байқауының нәтижесі бойынша «Тойота Жетысу орталығы» «ҮЗДІК СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ» Номинациясында жеңімпаз болып танылғаны бекер емес.


«Тойота Мотор» талаптарына сәйкес біздің автоорталықтың механиктері барлық қажетті жұмыс түрлерін орындайды. Сауатты және уақытылы жүргізілген техникалық қызмет көрсету - автомобиль тораптары мен агрегаттарының тоқтаусыз жұмыс істеу кепілі.


Трансмиссияның агрегаттары мен тораптарын жөндеу: Toyota оқу орталығында мерзімді оқудан өтіп жатқан Тойота Орталықтарының мамандары кез келген торапты немесе агрегатты (егер ол жөндеуге жататын болса) «Тойота Мотор» талаптарына толық сәйкес жөндеуге дайын. Автоорталықта механикалық, автоматты БӨП, редукторлар, рульдік механизмдерді жөндеу үшін қажетті барлық заттар бар.


Электр жабдықтарын жөндеу: белгіленген тақырып бойынша көрсетілетін қызметтер спектрі әртүрлі: автомобильдің кез келген электрондық жүйелерінде ақауларды іздеу және жоюдан бастап, айдап кетуге қарсы жаңа жүйелерді, көлік тұрағы датчиктерін және т. б. орнатуға дейін.


Аксессуарларды орнату:


Сіздің автокөлігіңізді сәндік аяқтардан шығырға дейін, түрлі дефлекторлардан бастап іске қосу алдындағы жылытқыштарға дейін қосымша аксессуарлармен жабдықтауға болады


Тонировка жасау: қаласаңыз, Сіздің автокөлігіңіздің шынысына тез және сапалы тонировка жасауға болады. Бұл үшін пленкалардың өте кең және әртүрлі таңдауы бар.


2010 жылдың мамыр айында «Toyota Жетісу орталығында» шанақ және сырлау жұмыстары бойынша цех ашылды. Шанақ цехының ауданы 450 ш. м. құрайды.


Біліктілігі жоғары шеберлер, шанақ жөндеу саласындағы заманауи технологиялық әзірлемелер, сондай-ақ жұмыс сапасын қатаң бақылау (соның ішінде компьютерлік) бізге кез келген күрделіліктегі сапалы шанақ жөндеуін жүргізуге мүмкіндік береді.

 


•Орындалатын шанақ жұмыстары:

 

- стапельде созумен шанақ геометриясын қалпына келтіру;

- арматуралық жұмыстар;

- жаншылуды, сынықтарды, сызаттарды жою;

- бамперлерді жөндеу және қалпына келтіру;

- қаңылтыр жұмыстары, шанақ бөлшектерін ауыстыру (капотты ауыстыру, алдыңғы, артқы есіктерді ауыстыру, алдыңғы, артқы бамперді ауыстыру, артқы, алдыңғы қанаттарды ауыстыру, табалдырықтарды, жүксалғыштың қақпақтарын, спойлерді ауыстыру, шатырды ауыстыру).


•Сырлау жұмыстары


•Автомобиль шанағын жылтырату


•Шиналарды маусымдық сақтау

 


«Тойота Жетысу орталығы» автокөліктерді жақсы жағдайда ұстау бойынша жұмыстардың толық спектрін ұсынады.


Сіздің автокөлігіңізге қызмет көрсетуді Toyota автокөліктеріне қызмет көрсету саласындағы соңғы технологиялық жетістіктері бар жоғары білікті инженерлік-техникалық персонал жүргізеді. Техникалық мамандар Toyota білім беру орталықтарында үнемі оқытылады. Автоорталықта жұмыстардың барлық түрлерін «Тойота Мотор» механигінің сертификаты бар тәжірибелі мамандар орындайды.


Сертификат - бұл ТЕАМ 21 бағдарламасы бойынша (техникалық персоналды оқыту жүйесі) оқудан өту процесін растайтын құжат.


Теам21 бағдарламасы бойынша Toyota Technician, Toyota Pro Technician, Toyota Diagnosis Technician, Toyota Master Diagnosis Technician сертификаттары бар техникалық мамандар келесі жұмыс түрлерін сапалы орындай алады:

 


•белгіленген нормативтік мерзімде автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды дұрыс жүргізу
•дұрыс слесарлық және өлшеу құралдары мен айлабұйымдарын пайдалана отырып, автомобильдерді жөндеу кезінде тораптар мен агрегаттарды алу/орнату және ақауды орындау
•дұрыс диагностикалық аспаптарды, құрал-саймандар мен жабдықтарды қолдана отырып, қозғалтқыш, шасси және/немесе электр жабдықтары бойынша стандартты диагностикалық процедураларды жүзеге асыру
•стандартты ұсынымдар шеңберінен шығатын әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, автомобильдің кез келген жүйесінің диагностикалық процедураларын және күрделі ақауларды диагностикалауды жүзеге асырады

 


Сертификатталған техникалық персонал Toyota белгіленген жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін жұмыстарды орындайды.